Жамбылда полицейлер арасында жекпе-жек ұрыстан облыс біріншілігі өтті
💪Спорттық додаға облыстың қала және аудандық полиция бөлімдерінен, сондай-ақ арнайы мақсаттағы бөліністерден командалар қатысты.
✅Жарыстың негізгі мақсаты – қызметкерлердің жауынгерлік даярлығын шыңдау, дене дайындығын жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
🤼♂️Бірнеше кезеңнен тұратын тартысты бәсекеде полицейлер күш, ептілік пен төзімділіктерін сынады. Нәтижесінде қалалық және аудандық полиция бөлімдері арасында:
🥉 III орын – Сарысу АПБ командасы;
🥈 II орын – Тараз қаласы ПБ командасы;
🥇 I орын – Меркі АПБ командасы.
Ал арнайы мақсаттағы бөліністер арасында:
🥈 II орын – ПД Оқу-жаттығу взводы;
🥇 I орын – ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы жеңіп алды.
«Мықты дене дайындығы – кәсіби қызметтің маңызды бөлігі. Полиция қызметкерлері үшін мұндай жарыстар қызметтік шеберлікті арттырып қана қоймай, командалық рухты нығайтуға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Асет Оспанов.
🏆Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге, үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлерге ПД бастығының Алғыс хаттары және кубоктар, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1290946?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау