Бір ғасыр бұрын осы тауларда қызғалдақтар гүлдеді. Бүгін де гүлдейді.
1926 жылы Ақсу-Жабағылы қорығы құрылғанда оның басты міндеттерінің бірі — өсімдіктер дүниесін табиғи қалпында сақтау болды. Содан бері 100 жыл өтті.
Осы уақыт ішінде талай ұрпақ ауысты. Ал көктем келген сайын тау бөктерін қайтадан қызғалдақтар көмкеріп, сирек өсімдіктер өз мекенінде тіршілігін жалғастырып келеді.
Ақсу-Жабағылының ең үлкен құндылығы да осында: табиғатты қолдан жасап қайта қалпына келтіру емес, оны жоғалтпай, келесі ұрпаққа жеткізу.
Ақсу Жабағылы – 100 жылдық жол. 1926 → 2026
Бір ғасыр. Мыңдаған көктем. Бір табиғат.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1292221?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау