2026 жылғы 14 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің мамандары — департамент басшысының орынбасары Е.У. Сүгірова мен зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі басшысы Б.К.Кожагулова— Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының ұжымымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты өзекті cұрақтар талқыланды.
Кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1292225?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау