«Абай облысы Семей қаласының Бас жоспары. Түзету» жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу туралы хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Абай облысы Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ «Град Проект KZ» ЖШС-мен бірлесіп, Абай облысы Семей қаласының Бас жоспарына түзету енгізу жобасын әзірлеуді жүзеге асыруда.

Тапсырыс беруші: «Абай облысы Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі.

Тапсырыс берушінің деректемелері:
БСН: 110840016875;
Заңды мекенжайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 97;
Телефон: 8 (7222) 36-09-86;
Электрондық пошта: arhitektura_402@mail.ru.

Жоба бойынша негізделген ескертулер мен ұсыныстар 2026 жылғы 27 қыркүйекке дейін жазбаша түрде келесі электрондық пошта мекенжайлары бойынша қабылданады: gradproektkz1@gmail.comarhitektura_402@mail.ru, сондай-ақ 8 (7222) 36-09-86 телефоны арқылы.

Бас жоспардың материалдарымен Семей қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы «Қоғамдық талқылаулар» бөлімінен танысуға болады.

Жоспарланып отырған қызмет, қоғамдық талқылауларды өткізу тәртібі туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ жоспарланып отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін 8 (7222) 36-09-86 телефоны арқылы және gradproektkz1@gmail.com  электрондық пошта арқылы алуға болады.

Қорытынды қоғамдық талқылаулар 2026 жылғы 6 қазанда сағат 10:00-да мына мекенжай бойынша өтеді: Мұхтар Әуезов даңғылы, 95 (Офицерлер үйі).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1292045?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version