Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторлары Мұнайлы ауданында орналасқан №18 жалпы білім беретін мектептің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай өткізілген «Біз біргеміз» атты отбасылық спорттық шараға қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар үш командаға бөлініп, спорттың түрлі бағыттары бойынша ұйымдастырылған сайыстарда өзара бақ сынасты. Қызықты әрі тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ қоғамда өзара сыйластық пен бірлік қағидаттарын қалыптастыру.
Осындай тағылымды іс-шаралар отбасының қоғамдағы маңызын арттырып қана қоймай, ата-аналар мен балалардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, отбасылық спорттық шаралар өскелең ұрпақтың белсенді өмір салтын ұстануына және отбасы мүшелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға оң ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1292044?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау