Әйтеке би ауданының әкіміннің отбасы күнімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті жерлестер! Ардақты ағайын!

Баршаңызды жүрекке жақын, қадірі бөлек мереке – Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасы – адам өмірінің алтын діңгегі, ұрпақ тәрбиесінің бастауы, мейірім мен махаббаттың, сыйластық пен татулықтың қасиетті мекені. Әр адамның жүрегіндегі ең ыстық сезім, ең қымбат құндылық – өзінің шаңырағы, туған-туысы, отбасы.

Берекелі отбасы – баянды қоғамның, мығым мемлекеттің негізі. Ұрпаққа өнеге болатын ізгілік те, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық та ең алдымен отбасында қалыптасады. Сондықтан әр шаңырақта татулық пен түсіністік орнап, ата-ана амандығы мен бала күлкісі үзілмесе, одан асқан бақыт жоқ.

Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық пен молшылық тілеймін! Әр шаңырақтың керегесі кең, іргесі берік, бірлігі бекем болсын!

Отбасыларыңыздан қуаныш пен шаттық, мейірім мен бақыт арылмасын! Отбасы күні құтты болсын! Әр үйге амандық, әр шаңыраққа бақыт тілеймін!

Құрметпен Әйтеке би ауданының әкімі, Д.Тоғызбаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1291952?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version