27 тамызда Семей қаласындағы зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Әлеуметтік волонтерлік» жобасының ресми ашылуы және волонтерлерді оқыту іс-шарасы өтті.
Іс-шараға Семей қаласы мен Жаңасемей ауданының әлеуметтік волонтерлері, жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері мен волонтерлері қатысып, Абай облысының өзге де қалалары мен аудандарындағы жастар ресурстық орталықтарының өкілдері онлайн форматта қосылды.
Іс-шара барысында әлеуметтік волонтерліктің негізгі бағыттары мен міндеттері таныстырылып, ерекше қажеттіліктері бар азаматтармен, қарт адамдармен, сондай-ақ зағип және көзі нашар көретін азаматтармен дұрыс әрі қауіпсіз қарым-қатынас жасау ерекшеліктері түсіндірілді.
Сонымен қатар волонтерлерге әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қоғамдық бақылау негіздері таныстырылып, зағип және көзі нашар көретін азаматтарды сүйемелдеу мен қажетті көмек көрсету бойынша практикалық сабақ өткізілді.
Жобаның мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1291707?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау