Жаңа оқу жылына арналған мектеп басшыларының кеңесі өтті
Жаңа оқу жылының басталуына орай Жаңасемей ауданында білім беру ұйымдарының мектеп басшыларының қатысуымен кеңес өтті.
Кеңес барысында жаңа оқу жылында білім сапасын арттыру, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау үдерісін ұйымдастыру, педагогтерді аттестаттаудан өткізу, білім алушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарында құжаттарды жүргізу тәртібіне қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Жиында білім беру ұйымдарының қызметін жүйелі ұйымдастыруға, қолданыстағы талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге және оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша мектеп басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, жаңа оқу жылында атқарылатын негізгі міндеттер айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-zhanasemey/press/news/details/1291708?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау