Алакөл ауданында қоғамдық медиаторлармен көшпелі кездесу өтті
Алакөл ауданының әкімдігінде «Елдесу және татуласу» республикалық жобасы аясында қоғамдық медиаторлардың қызметін жетілдіруге бағытталған көшпелі кездесу өтті.
Кездесуді Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Бейбіт Айтахметов ашып, шараның мақсатына тоқталды. Жиында «Қоғамдық келісім» КММ Талдау және медиация бөлімінің басшысы Айбүбі Махмет сөз сөйлеп, медиация институтын дамыту бағыттары жөнінде ой бөлісті.
Кездесу барысында қоғамдық медиаторлардың негізгі міндеттері, қақтығыстардың алдын алу және оларды ерте анықтау тетіктері, тұрмыстық, әлеуметтік және этносаралық жанжалдарды реттеу тәжірибесі талқыланды.
Сонымен қатар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды күшейту, жастар арасында диалог мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық келісімді нығайту мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу қорытындысында қоғамдық медиаторлардың ұсыныстары мен өзекті мәселелері жинақталып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1292122?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау