АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ІРІКТЕУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері арасында футболдан іріктеу жарысы ұйымдастырылды.

Спорттық додаға Департаменттің аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінен барлығы 14 команда, 170-тен астам спортшы қатысты. Жарыс барысында полиция қызметкерлері өздерінің спорттық шеберліктері мен командалық рухын жоғары деңгейде көрсетті.

Тартысты ойындардың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

🥇 1-орын – Алматы облысы ПД командасы
🥈 2-орын – Іле ауданының полиция қызметкерлері
🥉 3-орын – Қонаев қаласының командасы

Жарыстың басты мақсаты – полиция қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және ұжымдық бірлікті нығайту.

Мұндай спорттық іс-шаралар қызметкерлердің дене дайындығын жетілдірумен қатар, әріптестер арасындағы өзара ынтымақтастық пен командалық рухты арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1291962?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version