МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазығұрт ауданына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Нағызханұлы Қарымсақов арнайы жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары барысында мемлекеттік қызметшілерге «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген жаңашылдықтар, Әдеп кодексінің талаптары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыттары түсіндірілді.
Кездесуге Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Қанат Иматов, жергілікті атқарушы органдардың, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен сапасын қамтамасыз ету, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңдылық, жариялылық және ашықтық қағидаттарын басшылыққа алуы қажеттігі айтылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттарының бірі екені атап өтілді.
Жиында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу, қызметтік әдеп нормаларын қатаң ұстану жөнінде де түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қатысты «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастырудың маңыздылығы мен заң талаптарын мүлтіксіз сақтау және халықпен жұмыс барысында жоғары жауапкершілік таныту қажеттігі ескертілді.
Кездесу соңында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістерді жан-жақты зерделеп, күнделікті қызмет барысында тиімді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1292248?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version