МҮГЕДЕКТІКТІ 5 ЖЫЛДЫҚ МЕРЗІМГЕ БЕЛГІЛЕУГЕ НЕГІЗ БОЛАТЫН АУРУЛАР ТҮРІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының медициналық-әлеуметтік сараптама қағидаларына сәйкес, қайта куәландыру кезінде төмендегі аурулар мен денсаулық жағдайлары болған жағдайда мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленуі мүмкін:

  1. Тыныс алу жүйесінің ауыр созылмалы аурулары, III дәрежелі тыныс жеткіліксіздігімен.
  2. III сатыдағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен жүретін қан айналымы жүйесінің аурулары.
  3. Үдемелі ағымы бар жүйке жүйесінің созылмалы аурулары, оның ішінде Паркинсон ауруы.
  4. Экстрапирамидалық және басқа да қозғалыс бұзылыстары.
  5. Ми қан тамырларының аурулары, тұрақты айқын неврологиялық бұзылыстармен.
  6. Айқын асқынулары бар 1 немесе 2 типті қант диабеті.
  7. Жазылмайтын ішек және несеп жолдарының жыланкөздері, стомалар.
  8. Интоксикация белгілері, қолайсыз болжамы, қайталануы немесе метастаздануы бар қатерлі ісіктер.
  9. Ауыр жалпы жағдаймен жүретін лимфоидты, қан түзуші және оларға жақын тіндердің қатерлі ісіктері.
  10. Операция жасауға келмейтін, тұрақты айқын неврологиялық және басқа да бұзылыстарға әкелетін бас және жұлынның қатерсіз ісіктері.
  11. Терминалдық сатыдағы V сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы.
  12. Буындардың III–IV дәрежедегі қызметтік бұзылыстарымен жүретін жүйелі қаңқа-бұлшықет жүйесі аурулары.
  13. Жүйелі қызыл жегі, жедел нефрит және 3–5 сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы.
  14. АИТВ-инфекциясы, IV клиникалық сатысы, ағза қызметтерінің айқын бұзылыстарымен.
  15. Қайта куәландыру кезінде ауыр дәрежедегі апластикалық анемия.
  16. Орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігі.
  17. Айқын психикалық бұзылыстармен жүретін шизофрения.
  18. Екі көздің көру жітілігінің 0,03-ке дейін төмендеуі.
  19. Екі көздің көру жітілігінің 0,04–0,08 аралығында төмендеуі.
  20. Тұрақты эпилептиформды жағдайлар және айқын интеллектуалдық-мнестикалық бұзылыстар.
  21. Өмірлік белсенділіктің айқын шектелуімен жүретін аутизм.
  22. Краниопластикаға жатпайтын, көлемі 12 см² және одан жоғары бас сүйегінің сүйек ақауы.

Ескерту: Жоғарыда көрсетілген тізім қысқаша түрде берілді. Мүгедектік мерзімі медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы бойынша азаматтың денсаулық жағдайы мен жеке ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1292199?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version