СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ КЕНТ ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 13 қыркүйекте өткен сайлау қорытындысы бойынша ауданға қарасты Сәкен Сейфуллин атындағы кент әкімі көпшілікке таныстырылды. Алдымен ауданның аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сайлау қорытындылары туралы айта келіп, кент әкімі болып сайланған А.Жакеновқа әкім куәлігін табыстады. Осыдан кейін аудан әкімі М.Мұхтаров жаңа әкімді сайлануымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, сенім білдірді.
Жакенов Абзал Төлеуұлы – 1980 жылы 10 қарашада Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жарық кентінде дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2005 жылы Д.Қонаев атындағы университетін «Заңгер-маман» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2002 жылы Жарық кентінде техник болып бастап, 2007 жылдары Теміртау қаласында тергеуші болып жұмыс атқарған. 2009 жылдан бүгінгі жаңа сайлануға дейін ауданымыздағы Сәкен Сейфуллин атындағы кент әкімінің аппаратының бас маманы болып қызмет атқарып келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1292052?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version