Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Астана – жаңа қала» АЭА» кеден бекетінде сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) субъектілері өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Астана қаласы бойынша МКД басшысының орынбасары Ануар Мадиев, Тарифтік реттеу басқармасының басшысы Ильсия Бондаренко, сондай-ақ «Астана – жаңа қала» АЭА» кеден бекетінің басшысы Бейболат Сейпилов және сыртқы экономикалық қызмет өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында тауарларға арналған декларацияның (ТД) 46 «Статистикалық құны» және 31 «Жүк орындары және тауардың сипаттамасы» бағандарын дұрыс толтыру мәселелеріне, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН кодын анықтау және деректерге автоматтандырылған талдау жүргізу үшін қажетті мәліметтерге қойылатын талаптарға ерекше назар аударылды.

 Бұдан бөлек, тауарларға арналған декларацияларды толтыру кезінде жіберілетін жиі кездесетін қателіктер қарастырылып, тауарларды ИМ 40 және ИМ 70 кедендік рәсімдеріне орналастыру кезіндегі декларациялаудың практикалық мысалдары келтірілді.

Тауарлардың сипаттамасына қойылатын талаптарға бөлек тоқталып өтілді. ТД 31-бағанындағы мәліметтер толық, шынайы және тауарды бірмәнді сәйкестендіру үшін жеткілікті болуы, сондай-ақ мәлімделген ЕАЭО СЭҚ ТН кодына сәйкес келуі тиіс екендігі атап өтілді.

Іс-шара соңында қатысушыларға өзекті сұрақтар бойынша жауаптар беріліп, тауарларға арналған декларацияларды дұрыс толтыру бойынша практикалық ұсынымдар ұсынылды.

Мұндай дөңгелек үстелдерді өткізу кедендік декларациялау сапасын арттыруға, қателіктердің алдын алуға және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының кеден заңнамасы талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1292277?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version