Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. Кездесуде негізінен жұмыспен қамту, қоғамдық көлік қатынасы және ауылдық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы мәселелер қаралды.
🔹Аса ауылының тұрғыны У. Имагамбетова жолдасын тұрғылықты жеріне жақын аралықта жұмысқа орналастыру мәселесін көтерді. “Мансап орталығы”мамандары тарапынан ұсынылған бос жұмыс орындары қашықтыққа байланысты ыңғайсыз болғандықтан, өтініш иесінің қатынау мүмкіндігі ескеріліп, қолайлы вакансия ұсынылатын болып келісілді. Ал Е. Нурманова есімді тұрғынға «Шаштараз-стилист» мамандығы бойынша оқуын аяқтаған соң қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрақты жұмыс орны берілетіні түсіндірілді. Ал Айшабибі және Қызылқайнар ауылдарының тұрғындары Тараз қаласына қатынайтын автобустардың жағдайын ортаға салды. Айшабибі бағытында қазіргі таңда «СырымТрансКом» ЖШС тарапынан «Айшабибі – Тараз (Жансая м-а)» бағыты бойынша қоғамдық көлік тұрақты қатынып жатқаны және алдағы уақытта жаңа автобустар алу жоспарланғаны жеткізілді. Жасөркен, Қызылқайнар бағытындағы автобус ақауы мен жүргізуші тапшылығына байланысты туындаған мәселе бойынша жауапты бөлімдерге шешім қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар Қостөбе ауылының тұрғыны, зейнеткер А. Балкибеков ауылда жаңадан ашылған 100 орындық мектеп маңына ескерткіш-мүсін орнату туралы ұсынысын білдірді.
Сонымен қатар, қабылдау барысында Тастөбе ауылының тұрғыны Г. Сағынбаеваның да жеке мәселесі тыңдалды.
🔹Аудан әкімі әрбір өтінішті мұқият назарға алып, көтерілген мәселелердің заң шеңберінде шешу мақсатында тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Мәселелердің орындалуы тікелей бақылауда болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/1292278?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау