Еnbек.кz платформасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің жаңа проактивті сервисі енгізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа тәсіл жұмысқа орналасуға мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға жұмыс табуға көмек көрсетуге бағытталған.

Жүйе ұзақ уақыт бойы жұмысы, еңбек шарты, зейнетақы жарналары немесе тіркелген бизнесі жоқ азаматтарды өзі анықтайтын болады.

Осыдан кейін адамға eGov, Еnbек.кz жеке кабинеті немесе 1414 нөмірінен SMS арқылы жұмыс іздеуге көмектесу немесе жаңа мамандық бойынша тегін оқудан өту туралы ұсынысы бар хабарлама келеді.

Хабарлама ұсыныстық сипатта болады, азамат ұсынылған көмекті алу немесе одан бас тарту туралы шешімді өз бетінше қабылдайды.

Келіскен жағдайда жүйе дағдылар, білім, қалаған лауазым және еңбекақы деңгейі туралы мәліметтерді нақтылайды, содан кейін жұмыс іздеушінің қажеттіліктерін ескере отырып, жеке ұсыныстар қалыптастырады. Олардың қатарында:

– қолайлы бос жұмыс орындары;

– тегін кәсіптік оқыту мүмкіндіктері;

– жастар практикасын, әлеуметтік жұмыс орындарын және «Күміс жас» жобасын қоса алғанда, жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдаудың қолжетімді шаралары бар.

Жаңа сервис азаматтың жүгінуін күтпей-ақ, оған жұмысқа орналасу бойынша көмектің қолайлы нұсқаларын өзі ұсынуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/1292810?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version