Осакаров аудандық мәслихатына Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы К.К Саккулаковтың 2026 жылғы 27 тамызда бейнеконференц байланыс форматында өткен Қарағанды облыстық мәслихаты тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысына қатысу барысында темекі шеккені фактісі бойынша өтініш келіп түсті. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша бұзушылық фактісі расталды.
2026 жылғы 15 қыркүйекте Осакаров ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері К.К. Саккулаковқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Істі қарау қорытындысы бойынша оған айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
2026 жылғы 16 қыркүйекте аталған мәселе Осакаров аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттіктігі мен әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында қаралды.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағына сәйкес комиссия тарапынан мінез-құлықты қоғамдық айыптау нысаны ретінде қоғамдық ықпал ету шарасы қолданылды.
Отырыс барысында К.К. Саккулаков электрондық темекі шеккені растап, жіберілген бұзушылықты мойындап, орын алған жағдайға байланысты өкініш білдірді. Ол темекі шегу күн тәртібіндегі мәселелер арасындағы үзіліс кезінде болғанын, бұл ретте отырыстың бейнетрансляциясы өшірулі деп қателескенін түсіндірді.
Мәслихат төрағасы өз жауапкершілігін мойындап, комиссия мүшелерінен, мәслихат аппаратынан және сайлаушылардан кешірім сұрады, сондай-ақ заңнама талаптарын және депутаттық әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтау қажеттігін растады.
Осакаров аудандық мәслихаты депутаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, белгіленген шектеулерді және депутаттық әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етуді қажет деп санайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-osakarovka/press/news/details/1292811?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау