Қазақстанда зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру және тоқтату процестерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
2026 жылғы қаңтарда аумақтық департаменттер көрсететін қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру жөніндегі Жол картасы бекітілді.
Жол картасы аясында 2026 жылғы ақпан–тамыз айларында мүгедектікке, асыраушысынан айырылуға, бала тууына және бала күтіміне байланысты, сондай-ақ басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындау және қайта есептеу процестері кезең-кезеңімен автоматтандырылды.
2026 жылдың 8 айында автоматты режимде:
- 37 137 төлем тағайындалды;
- 55 374 төлем қайта қаралды;
- 38 551 төлем тоқтатылды немесе тоқтатыла тұрды.
Автоматтандыру қызмет көрсету мерзімдерін қысқартуға, деректерді қолмен өңдеуді болдырмауға, техникалық қателер мен адами фактордың әсерін азайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметтерді одан әрі автоматтандыру жұмыстары жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1292814?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау