Мобилизациялық дайындық – мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мобилизациялық дайындық – мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені.

Әрбір азамат нені білуі керек?

– Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғылықты жері бойынша әскери есепте тұруға міндетті.
– Әскери билет немесе тіркеу туралы куәлікті заңнамада белгіленген тәртіппен уақытылы алуы қажет.
– Шақыру алған жағдайда жергілікті әскери басқару органына уақтылы келуге міндетті.
– Мобилизациялық нұсқама мен шақыру қағаздарында көрсетілген талаптарды орындау қажет.

Мобилизация жарияланған кезде

Мобилизация кезеңінде азаматтар заңнамада белгіленген тәртіппен әскери қызметке шақырылуы мүмкін.

Қорғаныс және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтар қажетті жұмыстарды орындауға тартылуы немесе арнайы құралымдарға қабылдануы мүмкін.

Қорғаныс қажеттілігі үшін азаматтардың жер учаскелері, ғимараттары, құрылыстары, көлік құралдары және басқа да мүлкі заңда белгіленген тәртіппен пайдаланылуы мүмкін. Бұл жағдайда олардың құны кейіннен тең мөлшерде өтеледі.

МАҢЫЗДЫ!

Әскери есепте тұрған азаматтарға мобилизация жарияланған сәттен бастап тиісті жергілікті әскери басқару органының басшысының рұқсатынсыз тұрғылықты жерінен кетуге тыйым салынады.

Құжаттарыңызды алдын ала тексеріңіз, жеке мәліметтеріңіздің өзектілігін қамтамасыз етіңіз және ресми шақыруларға уақытылы жауап беріңіз.

Мобилизациялық дайындық – ел қауіпсіздігінің маңызды бөлігі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1292854?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version