Жолдарды суару жұмыстары ең алдымен қала көшелерінің тазалығын сақтау мақсатында жүргізіледі.
Су жол жабынындағы шаңды басып, ұсақ қоқыстарды тазалауға көмектеседі. Одан кейін арнайы вакуумдық техника мен жұмысшылар жол жиегінде жиналған қоқыс пен кірді тазалайды. Жолды жуу жұмыстарына тек техникалық су қолданылады.
Бұл кешенді жұмыстар аудан көшелерінің таза әрі ұқыпты болуына мүмкіндік береді. Аталған жұмыстар жылдың жылы мезгілінде, яғни көктемде, жазда және күзде жүргізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1292845?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау