«Саналы ұрпақ» жобасы аясында Зеренді ауданының оқушылары арасында «Прокурор сағаты» атты профилактикалық іс-шара өтті.
Кездесу барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылықтың алдын алу және заңға құрметпен қарау туралы маңызды ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Алған білімдерін бекіту мақсатында қызықты Quiz ойыны ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдерін, құқықтық сауаттылықтарын және белсенділіктерін көрсетті.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1292830?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау