Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының құрылғанына 15 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде мемлекеттік аудитке деген көзқарас айтарлықтай өзгерді.
Бүгінде басты міндет – заңбұзушылықты анықтаумен ғана шектелмей, оның себептерін саралау, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бағалау және осындай тәуекелдердің алдын алу.
15 жыл ішінде комиссия мамандары 314 аудиторлық іс-шара өткізіп, 3 113 нысанды қамтыды. Тексерілген қаражат пен активтердің жалпы көлемі 2,2 трлн теңгені құрады. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 4 мыңнан астам ұсыным мен тапсырма берілді.
Бұл көрсеткіштердің артында облыс тұрғындары үшін маңызды бағыттарға – жолдарға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, білім, денсаулық сақтау мен әлеуметтік салаларға, табиғи ресурстарға және басқа да бағыттарға бөлінген мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау жұмысы тұр.
Бүгінде комиссияда 35 маман еңбек етеді. Олар тәуекелге бағдарланған тәсілді, цифрлық талдау құралдарын және мол деректерді автоматтандырылған өңдеу технологияларын белсенді қолданады. Цифрландыруға да ерекше мән берілуде.
Қаржылық тәуекелдер мен әдеттен тыс операцияларды ерте кезеңде анықтау үшін жасанды интеллект технологиялары пайдаланылады. Десе де технологиялар – тек құрал. Ал түпкілікті қорытынды жасап, шешім қабылдау құзыреті кәсіби мамандардың еншісінде.
15 жыл ішінде Тексеру комиссиясы дәстүрлі қаржылық бақылаудан мемлекеттік аудиттің заманауи моделіне дейінгі жолдан өтті. Бүгінде негізгі басымдық – мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалану және Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін нақты нәтижеге қол жеткізу.
(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1292988?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау