2026 жылғы 9 қыркүйекте Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №11-ПГСВ «2026–2027 жылғы эпидемиялық маусымда тұмау, жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы COVID-19 бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысын орындау мақсатында және Басқарманың ЖРВИ мен тұмаудың профилактикасы жөніндегі жедел кешенді жоспарына сәйкес «Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты ШЖҚ «Ұлы Борсық» КМК қызметкерлерінің қатысуымен «Тұмау, ЖРВИ-дің алдын алу және вакцинацияның маңыздылығы» тақырыбында семинар ұйымдастырып өткізді.Семинардың мақсаты – эпидемиялық маусымда тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге қойылатын талаптарды түсіндіру, сондай-ақ тұмауға қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы ақпарат беру. Семинар барысында қатысушыларға тұмау мен ЖРВИ-дің таралу жолдары, негізгі белгілері және аурулардың алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, үй-жайларды тұрақты түрде желдету, қолды жиі жуу, қажет болған жағдайда бетперде пайдалану, ағзаның қорғаныс күштерін нығайту, салауатты өмір салтын ұстану, дәрумендер мен микроэлементтерге бай дұрыс тамақтану, адамдар көп жиналатын орындарда болу уақытын шектеу, аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дәрігерге жүгіну және дәрігердің тағайындауы бойынша ем қабылдау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұмауға қарсы вакцинацияның маңыздылығына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға вакцинацияның тұмаудың алдын алудағы рөлі түсіндіріліп, тұмауға қарсы екпе алудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді және вакцинациядан өту бойынша ұсынымдар берілді. Семинар барысында қатысушыларға брошюралар мен жадынамалар таратылып, қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді. Семинарға барлығы 12 адам қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1292804?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау