Мамандыққа деген адалдық — онжылдықтар жолы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мирманова Рскул Рахметовна — санитариялық-эпидемиологиялық қызметке ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан білікті маман, Алматы қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің басшысы. 1967 жылы 19 қарашада Қызылорда облысында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолы жылдарында Рскул Рахметовна санитариялық-карантиндік бақылау саласының дамуына елеулі үлес қосып, кәсіби білімімен, жоғары жауапкершілігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен әріптестерінің құрметіне ие болды. Оның қызметі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге және шекара арқылы инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алуға бағытталған. Көп жылғы еңбегі мен қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін 2015 жылы медальмен, 2020 жылы Алғыс хатпен марапатталған. Биыл Рскул Рахметовнаға денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі мен көп жылғы кәсіби еңбегі үшін «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісінің табысталануы — оның салаға сіңірген еңбегінің лайықты бағасы. Ұжым атынан Рскул Рахметовнаны кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбегіне толағай табыс және абырой биігінен көріне беруін тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1292768?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version