«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ АЯСЫНДА СЕНБІЛІКТЕР ӨТЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалу барысы сараланды. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде қаралды. Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
12 қыркүйекте облыс аумағында «Күзгі тазалыққа – бірге!», «Күзді таза қарсы алайық!» және «Күзгі тазалық – туған жерге құрмет!» акциялары ұйымдастырылды. Оларға 15 936 адам қатысып, 779,8 тонна қоқыс шығарылып, 508,1 гектар аумақ тазартылды. «Таза Қазақстан» Telegram чат-боты арқылы 2 687 өтініш түсіп, оның 2 645-і орындалған, 42 өтініш орындалу барысында.
Қоғамдық орындардағы тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік шаралар да жүргізілуде. 434-2-бап бойынша 5930 хаттама толтырылып, 173,7 млн теңге айыппұл салынған, оның 117,1 млн теңгесі өндірілген. Ал 505-бап бойынша 8 204 хаттама толтырылып, 46,2 млн теңге айыппұл салынған.
Мәжілісте елді мекендердегі бейберекет қоқыс орындары мен абаттандыруға қатысты кемшіліктер де талқыланды. Атап айтқанда, Сарыағаш ауданы мен Арыс қаласында жүргізілген мониторинг барысында 77 кемшілік, оның ішінде 65 бейберекет қоқыс орны және 12 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына қатысты мәселе анықталған.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров тиісті мемлекеттік органдар мен аудан, қала әкімдіктеріне елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету, анықталған кемшіліктерді жою және тазалық мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Айта кетейік, қыркүйекте бүкіл әлемде «World Cleanup Day» – Дүниежүзілік тазалық күні халықаралық акциясы өтеді. Осыған орай, 19 қыркүйекте облыс бойынша акцияны жоғары деңгейде ұйымдастырып, санитарлық тазалық жұмыстарын күшейту, ағаш отырғызу іс-шараларын өткізу көзделіп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1292788?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version