Мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс
сессиясын шақыру туралы
Қостанай аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 21 қыркүйекте сағат 15.00-де Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Кезектен тыс сессиясының күн тәртібі:
- Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 325 «Қостанай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Қостанай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 168 «Қостанай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қостанай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 7 қыркүйектегі № 394 «Қостанай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің күшін жою туралы.
Онлайн-трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/@maslihatkst/videos
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-reg/press/news/details/1294140?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау