2026 жылғы 16 қыркүйекте Ақмола облысы Әділет департаментінің өкілі «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйымы» жеке мекемесінің басшысы Л.Ю. Балмағамбетованың қатысуымен семинар ұйымдастырды.
Ақмола облысы Үкілі Ыбырай атындағы филармония өкілдеріне авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы бірыңғай цифрлық платформаны енгізу мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға құқық иеленушілермен және мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдармен шарттар жасасу, сондай-ақ отандық және шетелдік авторлардың шығармаларын көпшілік алдында орындау кезіндеде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау сондай-ақ, қабылданған жаңа Конституцияның негізгі аспектілері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнама талаптарын сақтау жөнінде тиісті ұсынымдар ұсынылды.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1294264?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау