Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ермек Тауановтың төрағалығымен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Жиынға Кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының басшылары және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Отырыста мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелеріндегі абилитациялау және оңалту, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама қызметтерін сырттай проактивті түрде куәландыру мәселелері қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамтуға бағытталған алдағы міндеттер айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1294263?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version