Астанада Десанттық-шабуылдау әскерлерінің тұңғыш қолбасшысы атындағы әскери-патриоттық сынып ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде генерал-майор Уәли Еламанов атындағы әскери-патриоттық сыныптың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға университеттің басқарма төрағасы – ректор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Қанат Тіреуов, профессорлық-оқытушылар құрамы, жоғары оқу орны жанындағы әскери кафедра өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ генералдың туған-туыстары мен жақындары қатысты.
Уәли Бисақанұлы Еламанов ел тарихында есімі қалған көрнекті әскери қолбасшылардың бірі. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұтқыр күштерінің алғашқы қолбасшысы болды. Сонымен қатар Десанттық-шабуылдау әскерлерінің негізін қалаушы ретінде танымал. Жоғары кәсіби білімі мен талапшылдығы арқылы әскери құрылымның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Оның ұйымдастырушылық қабілеті, адами қасиеттері және Отанға деген адалдығы көптеген әскери қызметшілерге үлгі болды.
Салтанатты іс-шара барысында ректор Қанат Тіреуов бұл бастаманың болашақ Отан қорғаушыларын тәрбиелеудегі ерекше маңызын атап өтті. Ол жастардың бойында патриотизмді, жауапкершілікті және елге деген адалдықты қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, генерал-майор Уәли Еламанов секілді көрнекті тұлғалардың өнегелі өмір жолы жас ұрпаққа әскери қызметтің мәнін терең түсінуге және елдің болашағы үшін жеке жауапкершілігін сезінуге мүмкіндік береді.
Іс-шараға Уәли Еламановтың туған-туыстарының қатысуы ерекше әсерлі атмосфера қалыптастырды. Олар генерал туралы естеліктер айтып, оның есімін ұлықтап, өнегелі жолын сақтап келе жатқан университет ұжымына алғыстарын білдірді. Сондай-ақ Уәли Еламановтың мол кәсіби тәжірибесін, өмірлік ұстанымдары мен Отанға қызмет ету үлгісін кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1294246?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version