Аудандық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясына шақыру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Аудандық мәслихаттың кезекті

 отыз төртінші сессиясына шақыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағына және 19-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес ШЕШТІМ:

Аудандық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясы 2026  жылдың 29 қыркүйек күні сағат 11:00 ге шақырылсын.

Аудандық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылсын:

  1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімінің есебі

                              Баяндамашы: А.М.Купенов – аудан әкімі

 

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Байғанин аудандық бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №330 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Хабарламашы: Т.Молдабеков  – аудандық экономика және  бюджеттік  жоспарлау бөлімінің басшысы

       

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Қарауылкелді ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №351 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

                                               Хабарламашы: Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі – А. Ерғалиев

 

 

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Көлтабан ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №352 шешіміне өзгеріс енгізу туралы                                                                                                                                         

      Хабарламашы: Көлтабан ауылдық округінің әкімі – Н. Есқазиева

 

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Жарқамыс ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №350 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

                             Хабарламашы: Жарқамыс ауылдық округінің әкімі – А. Жұбаналин

 

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Қопа ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №353 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

                                Хабарламашы: Қопа  ауылдық округі әкімі – А. Есболаев

 

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Миялы ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №355 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

                                      Хабарламашы: Миялы ауылдық округінің әкімі – И.Мәнібаев

 

  1. Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №357 «Байғанин ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  2. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі С.Дербісовтің өкілеттігін тоқтату туралы
  3. «Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №104 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  4. «Учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы» Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №107 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  5. Байғанин аудандық жер комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы

Хабарламашы: Қ.Жақасов  – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

 

  1. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
  2. 2026 жылғы 10 сәуірдегі №375 «Байғанин аудандық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне  өзгеріс енгізу туралы
  3. Аудандық мәслихаттың келесі сессиясының Күн тәртібін бекіту туралы

        Байғанин аудандық 

        мәслихатының төрағасы                              М. Сержан

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bayganin/press/news/details/1294271?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version