Аудандық мәслихаттың кезекті
отыз төртінші сессиясына шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағына және 19-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес ШЕШТІМ:
Аудандық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясы 2026 жылдың 29 қыркүйек күні сағат 11:00 ге шақырылсын.
Аудандық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылсын:
- Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімінің есебі
Баяндамашы: А.М.Купенов – аудан әкімі
- 2026-2028 жылдарға арналған Байғанин аудандық бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №330 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Т.Молдабеков – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы
- 2026-2028 жылдарға арналған Қарауылкелді ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №351 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі – А. Ерғалиев
- 2026-2028 жылдарға арналған Көлтабан ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №352 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Көлтабан ауылдық округінің әкімі – Н. Есқазиева
- 2026-2028 жылдарға арналған Жарқамыс ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №350 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Жарқамыс ауылдық округінің әкімі – А. Жұбаналин
- 2026-2028 жылдарға арналған Қопа ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №353 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Қопа ауылдық округі әкімі – А. Есболаев
- 2026-2028 жылдарға арналған Миялы ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №355 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Миялы ауылдық округінің әкімі – И.Мәнібаев
- Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №357 «Байғанин ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі С.Дербісовтің өкілеттігін тоқтату туралы
- «Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №104 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- «Учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы» Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №107 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Байғанин аудандық жер комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы
Хабарламашы: Қ.Жақасов – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы
- «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- 2026 жылғы 10 сәуірдегі №375 «Байғанин аудандық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың келесі сессиясының Күн тәртібін бекіту туралы
Байғанин аудандық
мәслихатының төрағасы М. Сержан
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bayganin/press/news/details/1294271?lang=ru

Жауап қалдыру