
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Катонқарағай ауданындағы жаңа әуежай құрылысының барысын тексерді.
Нысанның жалпы дайындық деңгейі 76 пайызға жуық. Құрылыс алаңында 350 адам және 158 техника жұмыс істеп жатыр.

Бүгінде мұнда ұшу-қону жолағы, перрон және рульдеу жолы салынды. Республикалық маңызы бар жол мен блокты-модульдік қазандықтың құрылысы аяқталды. Қазір негізгі жұмыстар аэровокзал ғимаратында, диспетчерлік мұнарада, қызметтік нысандар мен инженерлік желілерде жүргізілуде.

«Әуежай нөлден бастап салынып жатыр, мұнда жұмыс көлемі ауқымды. Ол туризмнің дамуына жаңа серпін беріп, Катонқарағайды өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қолжетімді ете түсуі тиіс», – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Облыс әкімі мердігерге құрылыс кестесін қатаң сақтап, жұмыстардың сапалы болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1294272?lang=ru

Жауап қалдыру