Бессайысшыларымыз жазғы Азия ойындарының финалына шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Аичи-Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы жартылай финал өтті.

Отандастарымыз жарыстың екінші күнінде семсерлесу, кедергілер жолағы, жүзу мен laser run сайыстарында өнер көрсетті.

Еліміздің атынан Аяна Қазбекова (1363 ұпай) мен Диана Щедрова (1356 ұпай) өз топтарында бесінші орын алып, финалға жолдама алды. Юлиана Петрова 1345 ұпаймен тоғызыншы нәтиже көрсетіп, шешуші кезеңге өтті.

Әйелдер арасындағы финалдық жарыс 20 қыркүйекте өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1293957?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version