Педиатриялық сағат өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Педиатриялық сағат өтті
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің төрағалығымен өткен педиатриялық сағатта ана мен бала денсаулығын қорғау, нәресте және неонаталдық өлім-жітім көрсеткіштерінің жай-күйі, патронаж қызметінің тиімділігі, сондай-ақ көрсеткіштері өсіп отырған аудандардағы ахуал талқыланды.
2026 жылдың 7 айындағы облыстағы нәресте өлім-жітімінің көрсеткіштері мен оның себептеріне облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері Мәулім Кенжалы, неонаталдық өлім-жітімнің жай-күйі жөнінде басқарманың штаттан тыс бас неонатологы Талғат Толықбаев талдау жасады.
Жиын барысында патронаждық бақылауды күшейту, қауіп тобындағы балаларды дер кезінде анықтау, перинаталдық көмектің сапасын арттыру және жағдайы ауыр пациенттерді уақтылы тиісті деңгейдегі медициналық ұйымдарға бағыттау мәселелеріне басымдық берілді.
Педиатриялық сағат қорытындысы бойынша басқарма басшысы нәресте өлім-жітімін одан әрі төмендетуге, ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға және көрсеткіштерінде қолайсыз динамика байқалған аумақтардағы жұмысты күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Басты міндеттердің қатарында нәресте өлімінің әрбір жағдайын егжей-тегжейлі талдау, перинаталдық көмекті жетілдіру, балаларға патронаждық бақылаудың сапасын арттыру және мамандандырылған медициналық көмекті қажет ететін пациенттерді уақтылы бағыттауды қамтамасыз ету белгіленді.
Сонымен қатар көрсеткіштерінде қолайсыз динамика байқалған Т. Рысқұлов және Қордай аудандарындағы жағдайды ерекше бақылауға алып, нәресте өлім-жітіміне әкелетін себептерді жою бойынша нақты жұмыстар жүргізу, қабылданған шаралардың нәтижелілігін тұрақты саралап отыру міндеттелді.
Басқарма басшысы ана мен бала денсаулығын қорғау – денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, нәресте өлім-жітімін төмендету бойынша жұмыстарды күшейтуді және әрбір баланың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1293949?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version