Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлім мамандары арасында құқықтық оқыту сабағы өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16 қыркүйекте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.Махановамен бөлім мамандары арасында құқықтық оқыту сабағы өткізілді.

         Құқықтық оқыту барысында А.Маханова бөлім мамандарына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен және Комитеттен келіп түскен қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты   түсіндірме берді.

         Сонымен қатар, зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін тағайындау барысында туындайтын мәселелер бойынша берілген түсіндірмелер талқыланып, оларды практикалық жұмыста қолдану тәртібі түсіндірілді.

         Соңында бөлім мамандарының сұрақтарына жауаптар беріліп, қолданыстағы заңнама талаптарын біркелкі қолдану бойынша тиісті түсіндірмелер ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1294010?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version