Облыстың қаржы басқармасында шектеулі бюджет қаражатын ашық әрі объективті бөлу мәселелеріне арналған «Мүдделер қақтығысынсыз бюджет қаражатын бөлу» тақырыбында іскерлік ойын өткізілді.
Іс-шараға облыстың басқармаларының өкілдері қатысты.
🎯 Іскерлік ойынның негізгі мақсаты – шектеулі бюджет қаражатын бөлу кезінде шешімдерді ашық, объективті және жеке мүдделерге жол бермей қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Ойын барысында қатысушылар бюджет қаражатын бөлуге қатысты түрлі жағдайларды талдап, қаржыландыру басымдықтарын айқындады, қабылданатын шешімдерді негіздеді және мүдделер қақтығысының туындау тәуекелдерін бағалады.
💡 Іскерлік ойынның басты қорытындысы: бюджет қаражаты жекелеген тұлғалардың немесе ұйымдардың мүдделеріне емес, алдын ала белгіленген және баршаға түсінікті өлшемшарттар негізінде, ашық рәсімдер арқылы әрі қабылданған шешімдерді міндетті түрде құжаттау жолымен бөлінуі тиіс.
Сонымен қатар, шешім қабылдау барысында мүдделер қақтығысын уақтылы анықтау және оның алдын алу, қатысушыларға тең көзқарасты қамтамасыз ету және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу бюджет қаражатын тиімді және адал басқару мәдениетін қалыптастыруға, бюджет процесінің ашықтығын арттыруға және басқарушылық шешімдер қабылдауға жауапты көзқарасты нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-finance/press/news/details/1294008?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау