Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында депутаттар «Федоров ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» мәселені тыңдап, талқылады.
Баяндамамен Федоров ауылдық округінің әкімі Бахитжанов Б.А. сөз сөйлеп, округтің әлеуметтік- кономикалық дамуы мен оның перспективалары туралы ақпарат ұсынды, сондай-ақ абаттандыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
Ауылдық округте 2712 аула бар, халық саны 8413 адамды құрайды. 2026 жылға арналған округ бюджеті 193 032,0 мың теңгені құрайды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауылдық округ аумағын санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Ағымдағы жылы 400 түп тал шыбығы мен пирамидалы терек көшеті отырғызылды.
Аталған мәселені талқылау барысында Федоров аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары А.К. Богубаев және Федоров ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Т.С. Синдагалиев сөз сөйледі.
А.К. Богубаев Федоров ауылдық округінің медициналық желісінің жағдайы туралы баяндады. Оның құрамына 6 нысан кіреді: «Федоров аудандық ауруханасы» КМК емханасы, Жарколь ФАП-і, Александрополь медициналық пункті, Владыкин медициналық пункті, Копыченка медициналық пункті және Затышен медициналық пункті. Округтегі барлық медициналық нысандар медициналық кадрлармен толық қамтамасыз етілгені атап өтілді. Округ тұрғындарының шақыртуларына көліктік қызмет көрсетуді орталық аурухананың автопаркі жүзеге асырады.
Т.С. Синдагалиев округ аумағындағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпарат ұсынды. Учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Э.Ж. Бегов және полиция подполковнигі А.С. Хасенов Федоровка, Жаркөл, Александрополь, Копыченка, Затышенка, Владыкинка және Андреевка елді мекендеріне қызмет көрсетеді. 2026 жылдың 7 айында Федоров ауылдық округінің аумағында 23 қылмыс тіркеліп, 437 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Отырыс барысында депутаттар баяндамашыларға өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, ұсынылған ақпараттарды назарға алды.
Отырыс қорытындысы бойынша әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия тиісті қаулы қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/press/news/details/1294545?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version