Астанада Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұжымы ауқымды экоакцияға шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен Бүкіләлемдік тазалық күнiн (World Cleanup Day) қолдау мақсатында Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы ауқымды экоакция өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Табиғатқа жанашырлық пен еңбекқорлықты ұштастырған экологиялық іс-шараға 400-ге жуық адам қатысты. Атап айтқанда, оған Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы мен қызметкерлері, филармонияның әкімшілік ұжымы, сондай-ақ елге танымал әртістер мен өнер ұжымдары белсене атсалысты.

Іс-шара барысында филармонияға іргелес аумақтар, саябақтар мен гүлзарлар қоқыстан тазартылып, абаттандыру мен санитарлық тазалау жұмысы жүргізілді. Сахнада әуезді әнімен көрермен көңілін баураған өнер иелері бұл жолы қолдарына сыпырғы мен қап алып, қала тазалығына өзіндік үлестерін қосты.

«Мәдениет ошағы тек рухани азық сыйлап қана қоймай, қоршаған ортаны аялауда да үлгі болуы тиіс. Бүгінгі іс-шара өнерпаздар мен басшылықтың, барша қызметкерлердің басын қосқан нағыз еңбек мерекесіне айналды. 400-ге жуық әріптесіміздің жұмыла кірісуі – туған қаламызға деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі», – деп атап өтті Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының әртісі Тұрар Төлеутай.

Елорданың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1294834?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version