2026 жылғы 18 қыркүйекте сағат 11:00-де Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Нурлан Зарлыкович Уразалиновтың төрағалығымен Жітіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияда депутаттар мәселелерді қарады:
- Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 89 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Мәслихаттың 2018 жылғы 05 наурыздағы № 191 “Жітіқара ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық – құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік – кеңесші органның дербес құрамын, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру туралы” шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1294563?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау