Лепсі ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

19 қыркүйек күні Лепсі ауылдық округі аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталған экологиялық шараға жергілікті мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсене қатысты. Сенбілік барысында ауыл аумағы, көшелер мен қоғамдық орындар күрес-қоқыстардан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Бұл бастама қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындар арасында ауызбіршілікті нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-lepsi/press/news/details/1294841?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version