19 қыргүйекте Бас Прокурор Берік Асыловтың басшылығымен Бас прокуратура қызметкерлері Астанада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған акция азаматтарды туған жерге ұқыпты қарау, еңбекті құрметтеу, қалалар мен елді мекендердің тазалығы мен жай-күйіне жауапкершілікпен қарау секілді ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретін маңызды қоғамдық қозғалысқа айналды.
Сенбілікке қатысушылар ағаш отырғызып, қаланың бөлінген аумағын тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Тазалық әр адамнан, әр көшеден, әр қаладан басталуы керек. «Таза Қазақстан» акциясы бір реттік науқан болмауы тиіс, ол біздің өмір салтымызға айналуы қажет».
Прокуратура органдары экологиялық мәдениет пен қоғамдық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған бастамаларды алдағы уақытта да қолдайтын болады.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1294842?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау