А.ж. 18 қыркүйегінде «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД -ның Әдеп жөніндегі уәкілі Д. Амриновтың ұжыммен кездесуі өтті. Кездесудің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кәсіби мінез-құлық және әдеп қағидалары;
- Қоғамдағы этикет;
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы өзгерістер.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппарат басшысының 2024 жылғы 1 қазандағы №342 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кәсіби мінез-құлық және әдеп қағидалары бекітілді. Кездесу барысында аталған нормативтік құқықтық актінің негізгі талаптары түсіндірілді. Қағидалар қызметкерлердің өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде мінез-құлқы мен әдеп талаптарын неғұрлым нақты ашады. Қағидалардың мазмұны мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексінде белгіленген ұсынымдар мен талаптарды екіұшты түсіндіруді болдырмауға мүмкіндік береді.
Қағидалар «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД-ның барлық қызметкерлері үшін, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер мен әкімшілік жұмысты жүзеге асыратын штаттан тыс қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.
- Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкіл болу орнына қарай (көшеде, қоғамдық көлікте, театрда, мейрамханада және т.б.) сақталуы тиіс жалпы әдеп ережелерін түсіндірді. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік мәртебесіне, жұмыс орнына және атқаратын лауазымына қарамастан, қоғамдағы этикет нормаларын сақтауы қажет. Қоғамдық орындардағы өзін-өзі ұстау мәдениеті оның айналасындағылардың ол туралы қалыптасатын пікіріне тікелей әсер етеді.
- А.ж. маусым айында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Д.К. Амринов қабылданған өзгерістерге, мінез-құлықтың жаңа талаптарына, мүдделер қақтығысын реттеу рәсімдеріне және жауапкершілік шараларына егжей-тегжейлі талдау ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-nkn/press/news/details/1294547?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау