Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» аясында 1 500-ден астам адамның қатысуымен ауқымды сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» аясында 1 500-ден астам адамның қатысуымен ауқымды сенбілік өтті

19 қыркүйекте Алматы қаласының Әуезов ауданында «World Cleanup Day» дүниежүзілік экологиялық акциясы және Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Негізгі тазалық жұмыстары Ақсай-1А шағынауданында, сондай-ақ аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтарда жүргізілді. Жалпы сенбілікке 1 500-ден астам адам қатысты.

Экологиялық акцияға Әуезов ауданы әкімі аппаратының 60 қызметкері, білім беру мекемелерінің, құтқару және коммуналдық қызметтердің өкілдері, еріктілер, белсенділер, жастар, аудан тұрғындары мен кәсіпкерлер қатысты.

Сонымен қатар сенбілікке заңды тұлғалардың қызметкерлері және 300-ден астам кәсіпкерлік нысанының өкілдері қосылды. Олардың қатарында сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен орталықтары, бизнес-орталықтар, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер және басқа да коммерциялық нысандар бар. Кәсіпкерлік субъектілері тарапынан шамамен 700 қызметкер қатысып, нысандарға іргелес аумақтарда санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.

Аудан әкімі аппаратының абаттандыру бөлімі тарапынан барлық мердігер ұйымдардың қатысуы қамтамасыз етілді. Тазалық жұмыстарына 200 адам және 21 арнайы техника жұмылдырылып, 1 500 бірлік құрал-сайман пайдаланылды. Сенбілік қорытындысы бойынша 110 текше метр қоқыс шығарылды.

«Таза Қазақстан» аясындағы экологиялық және абаттандыру жұмыстары Әуезов ауданында жыл бойы жүйелі түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері ауданда 24 сенбілік ұйымдастырылды. Осы кезеңде мыңнан астам ағаш, ондаған мың гүл мен бұта отырғызылып, қалалық инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар арық желілерін тазалау, аумақтарды жинау және қоқыс шығару жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

«Таза Қазақстан» бастамасының негізгі мақсаты – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамды ортақ іске жұмылдыру.

Әуезов ауданында абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүйелі түрде жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1294951?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version