Алматыда жүзге жуық анықтаушы марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы Полиция департаментінде ішкі істер органдарындағы анықтау бөлімшелерінің құрылған күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиында жүзге жуық қызметкер ведомстволық наградалармен, Ішкі істер министрлігі мен Полиция департаменті басшылығының Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара барысында Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов жас қызметкерлердің ата-аналарына да алғысын білдірді. Ол полиция қызметін таңдаған ұл-қыздарының тәрбиесіне қосқан үлесі мен қолдауы үшін ата-аналарға ризашылығын жеткізді.

«Заң күзетінде тұрған әрбір қызметкердің артында ең алдымен отбасы тұрады. Отбасының қолдауы жас мамандарға қызметтегі алғашқы сынақтардан өтуге, жауапкершілігін сақтауға және өз міндетін абыроймен атқаруға күш береді. Бүгін біз анықтаушыларға ғана емес, олардың ата-аналарына да алғыс айтқымыз келді», – деді Айдын Кабдулдинов.

Кездесу барысында Департамент бастығы анықтаушының жұмысы жоғары жауапкершілікті, мұқияттылықты, принципшілдікті және заңды терең білуді талап ететінін атап өтті. Көп жағдайда қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер осы кезеңде жинақталып, істің одан әрі жүргізілуіне негіз қаланады.

Іс-шара соңында үздік қызметкерлерге лайықты марапаттары табысталды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1294950?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version