«Туберкулездің алдын алу»
Туберкулездің алдын алу – аурудың жұқтырылуын болдырмауға, оны ерте кезеңде анықтауға және инфекцияның таралуын алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар жиынтығы.
Алдын алудың негізгі шаралары:
- БЦЖ вакцинациясы — медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда жаңа туған нәрестелерге профилактикалық екпелердің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Қазақстанда вакцинация өмірдің 2–4-тәулігінде жүргізіледі;
- Ауруды ерте анықтау — туберкулезге күдікті белгілер болған жағдайда қажетті зертханалық және рентгенологиялық зерттеулерді қамтитын медициналық тексеру жүргізіледі:
- Профилактикалық тексерулер — ауруды ерте кезеңдерінде анықтауға мүмкіндік береді. Балаларға белгіленген тәртіпке сәйкес диагностикалық сынамалар жүргізіледі;
- Қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру — туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар белсенді туберкулез ауруы мен туберкулез инфекциясының бар-жоғын анықтау мақсатында медициналық тексеруден өтуі тиіс;
- Санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау — бөлмелерді жүйелі түрде желдету, жеке бас гигиенасын сақтау, тазалықты қамтамасыз ету және бөлмелерде жеткілікті желдету жүйесінің болуын қамтамасыз ету;
- Туберкулезбен ауыратын науқастарды толық емдеу — туберкулезге қарсы дәрілік препараттарды дәрігердің тағайындауы бойынша тұрақты және үздіксіз қабылдау инфекцияның айналадағы адамдарға таралу қаупін төмендетеді;
Маңызды: 2–3 аптадан астам уақытқа созылған жөтел, әлсіздік, дене салмағының төмендеуі, түнгі тершеңдік, дене қызуының көтерілуі немесе қақырықтың бөлінуі байқалған жағдайда, міндетті түрде дәрігерге жүгініп, медициналық тексеруден өту қажет
Әуезов ауданы СЭББ
эпидемиологиялық бақылау
бөлімінің бас маманы
Г.М.Абжалил
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1294949?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау