Алматыда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және балалардың қауіпсіздігі үшін ересектердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
Осы бағыттағы жұмыс аясында полиция бизнес өкілдерімен бірлесіп әлеуметтік бастаманы жүзеге асырды. Ауызсу қаптамаларына профилактикалық сипаттағы ақпараттық стикерлер орналастырылды.
Стикерлерде ата-аналарға балаларға көңіл бөлу қажеттігі туралы қарапайым әрі түсінікті ескертулер, сондай-ақ буллингке, бұзақылыққа және басқа да құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу туралы ақпарат берілген.
Бастаманың мақсаты қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде қолжетімді ету және ересектер мен балаларға құқық бұзушылықтың салдарымен күрескеннен гөрі, оның алдын алған әлдеқайда маңызды екенін еске салу болды.
«Профилактика қарапайым нәрселерден басталады. Баламен сөйлесуден, оның ортасына көңіл бөлуден және немен өмір сүріп жүргенін түсінуден басталады. Біздің міндетіміз – жасалған құқық бұзушылықтарға ғана ден қою емес, балаларға дұрыс таңдау жасауға көмектесетін орта қалыптастыру. Сондықтан балалардың қауіпсіздігіне назар аударуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды қолдаймыз», – деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1294948?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау