Ақтауда «Қасиетті орын – таза мекен» экологиялық акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтауда Бекет ата мешіті аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Қасиетті орын – таза мекен» акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Акция барысында қатысушылар «Бекет Ата» мешіті аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақты қоқыстан тазартты. Игі бастамаға Маңғыстау облысының Дін істері басқарма қызметкерлері, Бекет ата мешіті қызметкерлері, дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығының қызметкерлері қатысты. -«Таза Қазақстан» акциясы да тұрғындарды осындай ортақ іске жұмылдырып, тазалық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-udr/press/news/details/1295451?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version