Туған жерді таза ұстау – әрбір азаматтың жауапкершілігі
Бүгін Алакөл ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күніне арналған жалпы аудандық сенбілік өтті.
Ауқымды экологиялық акцияға ауданның барлық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері, мектептер мен балабақшалардың ұжымдары, сондай-ақ 4900-ға жуық тұрғын атсалысты. Тазалық жұмыстарына 30 арнайы техника жұмылдырылды.
Сенбілік барысында елді мекендердің көшелері мен қоғамдық орындары тазартылып, жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылуда. Бүгінде аудан аумағынан 290 тонна қоқыс шығарылды.
Тазалықпен қатар абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына да ерекше мән берілді. Аудан аумағына ағаш көшеттері отырғызылды.
Бұл – жай ғана сенбілік емес. Бұл – туған жерге деген жанашырлықты іс арқылы көрсететін ортақ бастама. Әрбір тазартылған аумақ, отырғызылған көшет пен шығарылған тонна қоқыс – аудан тұрғындарының қоршаған ортаға деген құрметі мен жауапкершілігінің көрінісі.
Алакөлдің тазалығы мен көркеюі – баршамызға ортақ міндет. Тазалық әрқайсымыздан басталады!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1295440?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау