«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқаны аясында кәсіпкерлер, кәсіпорын өкілдері және жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуымен кездесу өтті.
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан республикалық акция аясында өңірде 12 қыркүйек пен 14 қараша аралығында елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Екіайлық аясында көшелерді, аулаларды, саябақтар мен скверлерді санитарлық тазалауға, контейнер алаңдарын ретке келтіруге, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жоюға, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық мақсатта кесуге, сондай-ақ аумақтарды көгалдандыруға басымдық берілуде. Бос аумақтарға көшет отырғызу жоспарланған.
Кездесу барысында бизнес өкілдерін ағаш отырғызу, көгалдандыру және қала аумағын абаттандыру іс-шараларына белсенді қатысуға шақыру мәселесі көтерілді. Кәсіпкерлердің экологиялық бастамаларға қосқан үлесін арттыруға және бірлескен жұмыстарды күшейтуге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, жиынның күн тәртібінде фандоматтар орнату және экологиялық бастамаларды іске асыру бойынша өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қаралды.
Туған өлкені абаттандыру және оның тазалығын сақтау — халық денсаулығының кепілі.
Кездесу қорытындысында қоршаған ортаны қорғау, қала тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-industiya-innovatsiya/press/news/details/1295075?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау