19 қыркүйекте Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында төрт жылда бір өтетін XX жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты болады.
Азия құрлығының басты додасына 45 елден спортшылар қатысып, спорттың 43 түрі бойынша жүлделерді сарапқа салады. 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін байрақты бәсекеде барлығы 469 медаль жиынтығы ойнатылады.
Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 35 түрі бойынша бақ сынайды. Құрама сапындағы 558 спортшының қатарындағы Шымкент қаласының 53 спортшысы 21 спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1295074?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау